Азия-Тынық мұхиты ойындарында шығысқазақстандық спортшы алтын медаль алды


ЖАҢАЛЫҚТАР 5-12-2024, 12:45 0

Фаина Мейрманова Х Азия-Тынық мұхиты ойындарында ұзындыққа секіруден алтын медаль жеңіп алды.


Айта кетейік, Малайзияның Куала - Лумпур қаласында Х Азия - Тынық мұхиты ойындары өтіп жатыр. Жарыстар 1-8 желтоқсан аралығында болады.


Осы ойындарда жеңіл атлетикадан Қазақстан және ШҚО ұлттық құрамасының өкілі Фаина Мейірманова 5 м 55 см нәтижесімен ұзындыққа секіруден алтын медаль жеңіп алды. Осылайша жерлесіміз жеке рекордын жаңартты. 


Естеріңізде болса, биыл Фаина Мейірманова Тайбэйде өткен сурдо-жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында жеңімпаз атанған. 

17 жастағы Фаина 1 метр 76 сантиметрбиіктікті еңсеріп биіктіктен секіруден жас сурдо спортшылар арасында әлемдік рекорд орнатты. 

Фаина Мейірманова Өскеменде дүниеге келген. Фаина алты жылдан бері жеңіл атлетикамен айналысады. Ол есту қабілеті нашар болғанына қарамастан жеңіл атлетикадан өткен түрлі чемпионаттарға қатысып жүлделі орындарға ие болған. 

Фаина Дубайда өткен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жеңіл атлетикадан да Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив