Күршімде 28 үй салынып жатыр

Фото: egemen.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР / АУДАНДАР Кеше, 14:09 0

Күршім ауданында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 28 тұрғын үй салынып жатыр. Бұл туралы Күршім ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Әлібеков айтты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Күршімдегі 10 елді мекенде көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтағы жандарға арналған 28 үй салынып жатыр. Атап айтқанда Күршім – 6, Сарыөлеңде - 6, Барақ батырда - 3, Бірлік ауылында - 2, Теректібұлақта - 2, Бурабайда - 2, Қойтаста - 1, Қаратоғай ауылында - 2, Алғабаста – 1 және Құйғанда - 3 үйдің құрылысы жүріп жатыр.

-    Тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2 226 шаршы метрді құрайды. Жыл басынан бастап республикалық  және облыстық бюджеттен тұрғын үйлерді сатып алуға 494,7 млн. теңге көлемінде ақшалай қаражат бөлінді. Қазіргі таңда 12 тұрғын үй сатып алынған, сондай-ақ 2 тұрғын үйді сатып алу үшін құжаттарды рәсімдеу жүргізіліп жатыр, - деді Мейіржан Әлібеков.

Айта кету керек, ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан облысында аталмыш бағдарлама аясында 458 үй салу жоспарланған.


 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив