Өскемен-Риддер жолының 97-ші шақырымында көлік апаты болды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, «Газель» және «Toyota Aristo» маркалы көліктер соқтығысқан. Жеңіл көліктің жүргізушісін сыртқа алып шығу үшін құтқарушылардың көмегі қажет болды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы көлік апатынан зардап шеккендердің Риддер ауруханасына жеткізілгенін хабарлады.