Медицина қызметкерлері қателессе науқас төлем ала алады: Жаңа заң күшіне енді

ЖАҢАЛЫҚТАР 5-11-2024, 10:50 0

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының нормалары күшіне енгізілді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, сақтандыру төлемдері дәрігерлердің байқаусызда жасалған кәсіби қателіктерінен зардап шеккен пациентке төленетін болады. Өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісін растау және сақтандыру төлемін алу үшін пациентке немесе оның жақын туыстарына  денсаулық сақтау субъектісіне жүгіну қажет.  

Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуы (болмауы) туралы шешімді тәуелсіз сараптама комиссиясы қабылдайды. Зардап шеккен пациент медициналық қызметтер алған денсаулық сақтау субъектісінің өкілдері тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамына енгізілмейді.

Пациент тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысының нәтижелерімен келіспеген жағдайда Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне немесе сотқа жүгінуге құқылы.

– Заңмен сақтандыру төлемдерінің ең аз сомалары белгіленген, олар  пациентке үшінші, екінші және бірінші топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда - 500, 600, 800 АЕК құрайды, тиісінше мүгедектігі бар бала – 500 АЕК, өлімге әкелген зиян келтірілгені үшін – 3 000 АЕК, мүгедектік белгіленбей пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін – 300 АЕК-тен аспайтын сақтандыру төлемдері төленетін болады. Сондай-ақ, Заңмен осы денсаулық сақтау субъектісі төлеген сақтандыру сыйлықақысы сомасының 5%-ынан аспайтын мөлшерде сақтандырылған медицина қызметкерлеріне адвокаттардың қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстарды өтеу сомасы белгіленген, - деліген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарламасында.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив