Доллар 600 теңгеге жете ме? Ұлттық банк төрағасы жауап берді

фото: mail.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР 29-11-2024, 16:34 0

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовке «Доллар бағамы 600 теңгеге дейін көтеріле ме?» деген сұрақ қойылды.


«Мен қарапайым адам ретінде де, Ұлттық банк қызметкері ретінде де ондай жағдай әлі бола қоймайды деп үміттенемін. Біз қабылдап жатқан шаралар – экономика, Үкімет, түрлі даму институттарының бірлескен шаралары – ішкі өндірісті арттыруға, импортты азайтуға, сауда балансын, төлем балансын нығайтуға мүмкіндік береді деп сенемін. Бұл экспорттық валюталық түсімнің келуін қамтамасыз етеді, демек, ішкі нарықта доллар көп болады. Нарықта доллар қаншалықты көп болса, оның құны соғұрлым төмен, ал теңгенің құны соғұрлым жоғары болады. Осы шаралар көмектеседі деп сенемін және 600 деген санды ұзақ уақыт бойы көрмейміз деп ойлаймын», – деді Ұлттық банк төрағасы.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив