Глубокое ауданында құрылыс индустриясы қарқынды дамып келеді


ЖАҢАЛЫҚТАР 29-11-2024, 14:00 0

Глубокое ауданы биылғы жылы даму қарқынында әсерлі нәтижелер көрсетті: 10 айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 50,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 201,5%-ға артты. Бұл туралы Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Евгения Литвиненко ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді. 

Глубокое ауданынданындағы ерекше назар аударуға тұрарлық сала - құрылыс индустриясы. Биыл ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі 192,7%-ға өсіп, шамамен 24 млрд теңгеге жетті. Бұл қаражат әлеуметтік нысандарды жөндеу мен салуды қамтитын 130 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға бағытталған.  

– Инвестиция өсімімен қатар ауыл шаруашылығында да оң өзгерістер байқалуда. Жалпы өнім көлемі 112,6%-ға артып, 53,6 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіштің негізгі үлесі өсімдік шаруашылығына тиесілі, ол 120,3%-ға өсті, - деді Евгения Литвиненко. 

Сондай-ақ ауданда жұмыссыздық мәселесі де шешімін табуда. Биыл 1 063 жаңа жұмыс орны ашылып, 1 583 адам жұмыспен қамтылды. 

Экономикалық өсім аясында аудан жастар мен әлеуметтік топтарды қолдауға бағытталған бағдарламаларды белсенді түрде іске асырылып жатыр. Бизнес жобаларды дамытуға 14,8 млн теңге көлемінде гранттар беріліп, 75 адам кәсіби оқытудан өтті. 


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив