Глубокое ауданында инвестиция өсімі артып келеді

Фото: egemen.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР / АУДАНДАР Бүгін, 09:48 0

Глубокое ауданында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 50,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 201,5%-ға артты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.

Аудандағы ерекше назар аударуға тұрарлық сала — құрылыс индустриясы. Құрылыс жұмыстарының көлемі 192,7%-ға өсіп, шамамен 24 млрд теңгеге жеткен. Өткен жылы 8 млрд теңгеге 123 жоба іске асырылған болса, биыл 24 млрд теңгеге әлеуметтік нысандарды жөндеу мен салуды қамтитын 130 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылған.  

- Инвестиция өсімімен қатар ауыл шаруашылығында да оң өзгерістер бар. Жалпы өнім көлемі 112,6%-ға артып, 53,6 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіштің негізгі үлесі өсімдік шаруашылығына тиесілі, ол 120,3%-ға өсті,- деді Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Евгения Литвиненко.

Аудан әкімдігінің айтуынша, жұмыссыздық мәселесі де өз шешімін тауып келеді. Есепті кезеңде 1 063 жаңа жұмыс орны ашылып, 1 583 жұмыссыз азамат еңбекпен қамтылған.

Экономикалық өсім аясында аудан жастар мен әлеуметтік топтарды қолдауға бағытталған бағдарламаларды белсенді түрде іске асыруда. Бизнес жобаларды дамытуға 14,8 млн теңге көлемінде гранттар беріліп, 75 адам кәсіби оқытудан өтті.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив