74 отбасы тұрғын үймен қамтылады – Глубокое ауданы

ЖАҢАЛЫҚТАР 29-11-2024, 11:28 0

2024 жылы Глубокое ауданында 74 отбасы тұрғын үймен қамтылады. Баспаналы болатындардың қатарында көпбалалы отбасылар да бар. Бұл туралы аудан жұртшылығымен кездескен облыс әкімінің міндетін атқарушы Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.

«Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында Глубокое ауданда қос пәтерлі 24 тұрғын үйдің құрылысы жалғасады. Черемшанка ауылында мұндай бір үй салынады. Сонымен қатар мұқтаж отбасылар үшін 74 пәтер сатып алынбақ. Жалпы Шығыс Қазақстан облысында биыл 1441 отбасы тұрғын үймен қамтылады деп жоспарланған.

– Өңірдегі тұрғын үй мәселесін шешу үшін 2024 жылы 400 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл дегеніміз, 769 жалдамалы пәтер және 672 несиелік пәтер. Бұл іс-шаралар азаматтардың, әсіресе көпбалалы отбасылардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға және баспанаға мұқтаж жандарды қолдауға бағытталған, – деді Нұрымбет Сақтағанов есептік кездесуде.


 

 

 

 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив