Өскеменде 64 жастағы ер адам жоғалып кетті


ЖАҢАЛЫҚТАР 14-11-2024, 13:00 0

Шығыс Қазақстан облысында 1960 жылы туған Борис Коледаевты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ол Ұлан ауданының Сағыр ауылында тұрады. Туыстарының айтуынша, Борис Герасимович облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа жеткізілді. 11 қараша күні таңертең науқас үйіне жіберілді. Ауруханадан шыққан ол іс-түссіз жоғалып кетті. 

Жақындарының сөзінше, Борис Герасимовичтің Өскеменде туыстары бар, бірақ ол олардың үйіне бармаған. Соңғы рет оны Бажов көшесінде АДК сауда орталығының маңынан көрген. Содан бері еш хабар жоқ. 

Борис Коледаевтың туыстары полицияға жүгінген, бірақ ер адам әлі де табылған жоқ. 

Борис Герасимовичті көргендер болса 8-777-147-59-98 телефон нөмеріне немесе 102 арнасына хабарласуларыңызды сұраймыз. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив