Шығыс Қазақстан облысының тұрғынына Өскеменде медициналық сақтандыру жүйесі есебінен 3 миллион теңгенің отасы тегін жасалды.
44 жастағы қала тұрғыны жүрек ырғағының бұзылуымен облыстық аурухананың кардиохирургтарына жүгінген. Науқас қалыпты өмір сүруге кедергі болатын қатты ентігуге және жүрек соғысының нашарланғанына шағымданды. Әйелдің ұзақ уақыт бойы созылмалы ревматикалық жүрек ауруымен ауырғаны анықталды. Сонымен қатар дәрігерлер әйелде жүрекшелердің жылдам, тұрақты емес жиырылатынын анықтады.
Кардиохирургтер науқасқа бір уақытта екі күрделі операция жасады - митральды қақпақшаны ауыстыру және радиожиілік абляция.
Кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Еділ Ботабаевтың айтуынша, ота кезінде хирургтар митральды қақпақшаның стенозын жасанды протезге ауыстырып, жоғары жиілікті қолдану арқылы жүректің ырғағының бұзылуын тудыратын тітіркендіргіштер дамыған жүректің эктопиялық ошақтарын дереу күйдірткенін айтты. Мұндай каутеризация (абляция) өмірге қауіп төндіретін аритмия ошақтарының белсенділігін жоюды.
- Бақылау кардиограммасында науқас қалыпты синустық ырғақты көрсетті. Абляция жақсы нәтиже берді деп айта аламыз. Операциядан кейінгі 7-ші күні әйелдің денсаулығының көрсеткіштері жақсы болды. Науқас 3 ай бойы аритмияға қарсы препараттарды қабылдауды жалғастырады, содан кейін бақылау зерттеулері, Холтер мониторингі жүргізіледі, оның нәтижесі бойынша емдеу режимі түзетіледі, - деді Еділ Серікжанұлы.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының баспасөз қызметінің айтуынша, медициналық сақтандыру есебінен құны 3 миллион теңгеден асатын бұл операция науқас үшін тегін жасалды.