Өскеменде қалааралық автобустардың қозғалыс кестесі өзгерді


ЖАҢАЛЫҚТАР 14-11-2024, 11:00 0

Қалааралық автобустардың қозғалыс кестесіне мынадай өзгерістер енгізілді:

Орталық автовокзал

– Бобровкаға бір күндік рейс тоқтатылды, енді тек сағат 8:10 және 17:15 жүреді
– Зайсанға рейс жарты сағат бұрын 18:00-де жолға шығады
– Өскемен-Риддер бағыты бойынша сағат 16:30-да жүретін тағы бір рейс  қосылды және соңғы рейс енді 18:00-дің орнына 19:00-де жүреді
– Өскемен-Шемонаиха (Верх-Уба арқылы) соңғы рейс бұрын 17:00-де жүрсе, енді 15:00-де жүреді
– Өскемен-Катонқарағай рейсі уақытша тоқтатылды 
– Өскемен-Ақжар рейсі қосылды 
– Өскемен-Первомайский рейсі қосылды 
– Өскемен-Үрімші рейсі қосылды 
– Қасым Қайсенов бағыты бойынша жүретін рейс алып тасталды 

Анықтаманың толық кестесі мен байланыс телефондары noks.kz сайтының анықтамалық ақпарат бөлімінде көрсетілген.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив