Катонқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалихан өз еркімен өтініш жазып қызметінен кетті. Бұл жөнінде бүгін облыс әкімдігінің мәжілісінде айтылды.
Ділдар Қалихан аталмыш лауазымға 2021 жылы қаңтарда тағайындалған болатын. Облыс әкімі Ермек Көшербаев оның білікті басшы болғанын атап өтіп, еңбек жолына сәт сапар тілей келе өз алғысын білдірді.
Катонқарағай ауданы әкімінің міндетін уақытша Расул Қарабалин атқарады.