Есірткі туралы хабар бергендерге сыйақы төленеді - ШҚО

ЖАҢАЛЫҚТАР 11-04-2025, 09:41 0

Шығыс Қазақстан облысында ерекше пилоттық жоба іске қосылды. Есірткі туралы хабар бергендерге сыйақы төленеді. Сыйақы мөлшері тәркіленген есірткі көлеміне байланысты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Бұл есірткімен күрес жолындағы жай ғана бастама емес — бұл ортақ жауапкершіліктің нақты көрінісі. Осылай есірткімен күрес тек мемлекеттің емес, бүкіл қоғамның ісіне айналып отыр. Ортақ іске атсалсқан азаматтарға сыйақы бюджеттен емес, өздері осы күрестің бір бөлігі болуға бел буған бейжай қарамайтын кәсіпкерлерден түседі.

Мысалы, қаңтар айында — 60 грамм мефедронның алынуына ықпал еткен ақпарат үшін 300 мың теңге төленген. Наурызда — 80 грамнан астам синтетикалық заттарды ұстауға көмектескен дерек үшін 400 мыңнан астам теңге берілді.

Сыйақы мөлшері тәркіленген есірткі көлеміне байланысты болады. Қазіргі уақытта жоба нақты нәтижесін бере бастаған. Осылайша мемлекет қылмыспен күрестегі азаматтық батылдық пен ынтымақтастықты қолдап отыр. Улы заттардың таралуын тоқтатуға атсалысқан әр адам мұны ақша үшін емес — өмір үшін жасайды. Өз балалары үшін. Таза болашақ үшін.

Ересектер жастарды қорғау жолында біріге алғанда — қылмысқа еш мүмкіндік қалмасы анық. Бастама көқтерушілер барлық өңірлерді осы бастаманы қолдауға шақырады. Бұл мемлекет, кәсіпкерлер және қарапайым халық — бәрі бірігіп, есірткі бизнесіне қарсы тұруды мақсат еткен жобаға айналып отыр.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив