Жыл басынан бері қаңтар-қазан айларында жүк тасымалдаудың тарифтері 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8%-ға өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдаудың құны 1,6%-ға, Халықаралық автомобиль тасымалдарының бағасы 1,3%-ға өсті. Ішкі автотасымалдаудың бағасы – 1,8%-ға өскен.
Әуе жүктерін тасымалдау бағасы 2%-ға, оның ішінде халықаралық – 2,3%-ға, ішкі – 1,4%-ға, халықаралық тасымалдардағы теңіз жүктерінің тарифтері 9,1%-ға өсті.
Сондай-ақ, құбыр арқылы тасымалдау 2,4%-ға, ал шикі мұнайды жеткізу тарифтері 4,1%-ға қымбаттады.