Қазақстанға Моңғолия мен Қытайдан көшіп келетіндер саны артты


ЖАҢАЛЫҚТАР 13-11-2024, 15:30 0

Елімізде Қытай мен Моңғолиядан көшіп келетіндердің саны үш есе артқан. Бұл туралы Бірінші несие бюросы хабарлады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында Қазақстанға тұрақты тұру үшін Қытайдан 1 451 адам, Моңғолиядан 1 088 адам келген. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш сәйкесінше, 177% және 172%-ға артқан.

– Мигранттардың басым көпшілігі (98 пайызы Қытайдан, 99 пайызы Моңғолиядан) этникалық қазақтар. Қытайдан келген иммигранттардың жартысы тұру үшін Алматы немесе Астананы таңдаса, тағы 20 пайызы Алматы облысына қоныстанған. Ақмола облысы Моңғолиядан келген иммигранттар арасында танымал орынға айналған, - делінген Бірінші несие бюросының хабарламасында.

2024 жылдың үш тоқсанында Қазақстанға барлығы 20,4 мың иммигрант келген. Бұл 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 6,5%-ға көп. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив