Соңғы уақытта eGov.kz электронды үкімет порталы мен 1414 қызметін пайдаланатын алаяқтар жиілеген.
– Алаяқтар мемлекеттік органдардың атынан әрекет етіп, азаматтарға «1414» нөмірінен хабарлама жіберетін болды. Олар жеке мәліметтер беруді, операцияларды растауды немесе жоқ айыппұлдар мен қызметтерді төлеуді талап етеді, - делінген хабарламада.
Электронды үкімет порталының өкілдері мен полиция қызметкерлері белгісіз нөмерлерден түскен хабарламалар мен сілтемелерге өтпеуге кеңес береді.
– Мемлекеттік органдар қоңырау шалып немесе хабарламалар арқылы ақпарат сұрамайды. Күдікті хабар алсаңыз, сілтемелерді баспаңыз немесе ешқандай ақпарат бермеңіз. Анығына көз жеткізу үшін "Egov" немесе 1414 нөміріне хабарласыңыз”, – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.