Алаяқтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет атынан тұрғындарға күмәнді хабарламалар жолдауда.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы ескертеді. Алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді. Жалған ақпараттық таратуларға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз», деп жазылған ресми хабарламада.
Қазақстандықтарды жалған ақпараттық хабарламаларға сенбеуді, күмәнді сілтемелерді баспауды және ақша аудармауды сұрайды.
«Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз», деп ескертті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.