Өскеменде 174 отбасы баспаналы болды


ЖАҢАЛЫҚТАР 28-10-2024, 11:00 0

Өскеменде Республика күні қарсаңында 100-ден астам отбасыға баспана кілті табысталды. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың сөзінше, өткен аптада 174 отбасы баспаналы болды. 

– Бұл пәтерлер жеке құрылыс салушылардан бюджет қаражатына арнайы сатып алынды. Баспаналы болғандардың қатарында 40 жетім бала, 50 көпбалалы отбасы, 84 халықтың әлеуметтік әлеуметтік осал тобының өкілдері бар, - деді қала әкімі Жақсылық Омар. 

Жыл соңына дейін тағы 40 пәтерді сатып алып, үлестеру жоспарлануда. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив