сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі
«Абай» операсы араға 66 жыл салып Үлкен театр сахнасында мәскеулік көрерменмен қайта қауышты, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігі.
«Абай» операсы алғаш рет 1944 жылы Қазақ ұлттық опера және балет театрының сахнасында қойылды. Кейін Мәскеуде алғаш рет 1958 жылы Қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігі аясында көрерменге жол тартты.
– Мен оны түпнұсқада «Астана Операда» көргенмін. Сол кезде-ақ қойылымның ауқымдылығы таңғалдырды. Театр труппасының деңгейі өте жоғары. Абай бейнесін сахнада сомдау күрделі міндет. Себебі Абай – ғаламдық деңгейдегі тұлға. Оның өлеңдерін қайта оқып, шығармаларын қайта тыңдаған сайын ондағы ойлардың тереңдігіне таңғаламын. Осынау «Астана Опера» театрының жаныма жақын қойылымын өзіміздің сүйікті Үлкен театрда көріп отырғаныма өте қуаныштымын, - деді Ресейлік танымал опера режиссері Михаил Панджавидзе.
«Астана Опера» әртістері өздерінің вокалдық шеберлігі көрермендерді тәнті етті.