Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заң талаптарын орындамағаны үшін 21 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Мемлекеттік-сәулет құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы Самат Қайырдинов мәлімдеді.
Өскеменде қазір 57 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Олардың 12-сі бюджет қаражатынан, ал 45-і коммерциялық негізде бой көтеруде. Алайда тексеріс нәтижесінде 7 тұрғын үй кешенінің құрылысқа қажетті құжаттар жиыны толық емес екені анықталды.
Құжаттарды дұрыс рәсімдемеген нысандар:
1. «Astoria» тұрғын үй кешені, құрылысшы - «Дейнека» ЖШС;
2. «Шаңырақ» тұрғын үй кешені, құрылысшысы - «Шаңырак Ел» ЖШС;
3. «Asyl Tau» тұрғын үй кешені, құрылысшысы - «Орда Трейдинг» ЖШС;
4. «MUZ TAU» тұрғын үй кешені, құрылысшысы - «Премиум Строй НС» ЖШС;
5. «Krilova» тұрғын үй кешені, құрылысшысы - Максим Шелинговский;
6. «Emeralds» тұрғын үй кешені, құрылысшысы - «Royal Finance group» ЖШС;
7. Сол жағалау, 85-ші нысан, құрылысшысы - «Технология комфорта» ЖШС.
Өскеменде екі проблемалық тұрғын үй кешені анықталды –«Emeralds» және «Astoria». Бұл нысандар құрылыс үшін қажетті құжаттармен қамтамасыз етілмеген.