Мәжіліс депутаты газ инспекциясын қайта құруды ұсынды


ЖАҢАЛЫҚТАР 9-10-2024, 12:30 0

Мәжіліс депутаттары газбен жабдықтау және тауарлық газды үнемді тұтыну мәселелері бойынша Заңға енгізілген өзгерістерді талқылау кезінде мәжіліс депутаты Бақытқожа Ізмұхамбетов газ инспекциясын қайта құруды ұсынды.

Бақытқожа Ізмұхамбетов заң жобасында шикілік бар екендігін, тариф пен үнемдеу туралы әңгіме қозғамастан бұрын, қауіпсіздік мәселесіне назар аудару қажеттігін атап өтті. 

– Қазір газ баллондарын кім көрінген қалаған жерінде пайдалана береді. Нәтижесінде улану фактілері, қайғылы оқиғалар жиі болып жатады. Ең сорақысы, мұны ешкім қадағаламайды. Бұрындары газ инспекциясы деген болатын. Қазір ол жоқ. Нақты регламент жоқ. Бұл өте маңызды сұрақ, - дейді мәжіліс депутаты Бақытқожа Ізмұхамбетов.

Бақытқожа Ізмұхамбетов осыған дейін елімізде газ инспекциясының болғанын атап өтті. Оның айтуынша, қауіпсіздік мәселесін ескеріп, газ инспекциясын қайта құру керек. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив