Табиғи газ бойынша екі тариф енгізу жоспарлануда


ЖАҢАЛЫҚТАР 9-10-2024, 11:58 0

8 қазан күні мәжіліс депутаттары табиғи газды пайдалануға қатысты заңға өзгерістер мен түзетулер енгізу мәселесі талқыланды.

Депутат Екатерина Смышляеваның айтуынша, қазіргі кезде электр энергиясын тұтыну саласында үнемдеу шаралары қарастырылған. Энергияның көлемі ғана емес, оны тұтыну уақыты да ескеріледі. Соған қарай тариф белгіленеді. Қазір табиғи газ бойынша екі тариф енгізу жоспарланып отыр.  

– Біріншісі - тұрмыстық қажеттіліктерге арналған газдың шекті көлемі. Осы көлемнен асқан жағдайда екінші тариф қолданылады. Әзірше шекті көлемнен асқаны үшін тарифтің 1,3 коэффицентін белгілеу ұсынылып отыр, - деді Екатерина Смышляева. 

Қазақстанда қазірде тұрмыстық жағдайда газ тұтынатындардың саны - 2,2 млн, оның ішінде 1,5 млн үй шаруашылығында қолданады, қалғандары көпқабатты үйлерде пайдалатын азаматтар.  

– Газ саласында көгілдір отынның шекті көлемін белгілеу ұсынылып отыр. Одан асқан жағдайда жоғары коэффицентпен ақы төлеуге тура келеді, - деді депутат. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив