8 қазан күні үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылу беру маусымының тұрақты өтуі, жылу көздерінің үздіксіз жұмыс істеуі министрліктің бақылауында екенін хабарлады.
– Жылыту маусымы Абай, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында басталды. Ауа-райына байланысты Батыс Қазақстан және Оңтүстік өңірлерде жылыту маусымының басталуы қазан айының ортасынан бастау жоспарланып отыр. Жылыту кезеңіне дайындықты күшейту және алдағы жылыту маусымына тұтынушыларды энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін министрлік тарапынан электр энергиясына шекті тарифтер түзетілді. Электр қуаты нарығындағы шекті тарифтер ұлғайтылды, - деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Алмасадам Сәтқалиев 2024 жылы қабылдаған шаралар жөндеу жұмыстарын қаржыландыру өткен жылдың деңгейінен 44%-ға артық. Энергия көздерінің отын қоймаларында 5,2 млн тонна көмір, 88 мың тонна мазут жинақталған, жалпы нормаға сәйкес келеді. Тек Риддер жылу электр орталығында көмір қоры 20 тәулік нормадан 14 тәулікті ғана құрайды. Жинақтау жұмыстары жалғасуда. Министрлік өңірлер бойынша бірқатар мәселені бақылауда ұстап отырғанын атап өтті.
– Шығыс Қазақстан облысының Риддер жылу электр орталығында 2 қазандық жұмыс істеп тұр, 2 қазандықты жөндеу аяқталды, іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Тағы 2 қазандықты жөндеу 10 қарашаға дейін аяқталады. Жылыту маусымын тұрақты ету Энергетика министрлігінің бақылауында, - деді Энергетика министрі.