Еліміздегі көмір тұйықтарындағы отын қоры шамамен 570 мың тоннаны құрайды


ЖАҢАЛЫҚТАР 8-10-2024, 15:30 0

8 қазан күні үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев коммуналдық тұрмыстық қажеттілікке және халықтың пайдалануына арналған көмірге қажеттілік 8,2 млн тоннаны құрайтынын хабарлады. 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың сөзінше, осы жылы 161 шақырым жылу желілерін жаңартуға республикалық бюджеттен 93 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде нысаналы трансферттерінің есебінен 104 шақырым желіні жаңартуға 69 млрд теңге, үкімет резервінен 57 шақырым желіні жөндуге шамамен 24 млрд теңге бөлінді. 

– 59 шақырым жылу желісі жүргізілді. Оның ішінде 54 жоба бойынша 135 шақырымға жылу желісі жүргізіліп жұмыстар толық көлемде аяқталды. Ал 10 жоба бойынша 24 шақырым болатын жұмыстар аяқталуға жақын. Алдағы жылыту маусымына шамамен 12 мың автономдық қазандық дайындық жұмыстарынан өтті, - дейді Өнеркәсіп және құрылыс министрі. 

Қанат Шарлапаев  білім беру және денсаулық сақтау нысандары мен тұрғын үйлер жылыту маусымына толықтай дайын екенін атап өтті. 

– Коммуналдық тұрмыстық қажеттілікке және халықтың пайдалануына арналған көмірге қажеттілік 8,2 млн тоннаны құрайды. Жылыту маусымы басталғаннан бері шамамен 3 млн тонна жеткізілді. Бұл жылдық жоспардың 37,1%-ын құрайды. Өткен жылы жоспардың орындалуы 35,1%-ды құрады. Бүгінде еліміздің көмір тұйықтарындағы түрлі маркадағы отын қоры шамамен 570 мың тоннаны құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100 мың тоннаға артық. Министрлік тарапынан өңірлерді көмірмен қамтамасыз ету бойынша тұрақты мониторинг жүргізіліп жатыр. «Қазақстан темір жолы» мен көмір өндіруші кәсіпорындар көмірдің қажетті көлемін жеткізуге дайын. Сонымен қатар әлеуметтік көмірдің елдің тыс жерлерге кетуін тудырмау мақсатында көмір экспортына лицензия беруді көздейтін үкімет қаулысы қабылданды. Солтүстік, Орталық, Шығыс Қазақстан облыстарында жылыту маусымы басталып халық тарапынан көмір сатып алу белсенді түрде жүріп жатыр, - деді Қанат Шарлапаев.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив