Кәсіпқой палуан Қажымұқан Мұңайтпасов туралы көркем фильм көрерменге жол тартады


ЖАҢАЛЫҚТАР 1-10-2024, 16:30 0

10 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында «Qajymuqan» фильмі көрсетіледі. 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Qajymuqan» фильмінің режиссері Қанағат Мұстафин тарихи фильм сценарийіне 2012 жылы кірісіп, тақырыпты 10 жылдан астам уақыт зерттеген. Түсірілімі 2020 жылы басталған фильм 10 қазаннан бастап көрерменге жол тартады. Фильмнің мақсаты – Қажымұқанның өмірімен өскелең ұрпақты таныстыру, оның жетістіктерін ұлықтау. 

Қажымұқан Мұңайтпасов – қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіпқой палуан, орасан күштің иесі әрі күрестің бірнеше түрін меңгерген әлем чемпионы. Француз күресінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ, алып күш иесі. 

– Қажымұқан өзінің мықтылығын өз заманының ең жақсы балуандарын жеңіп дәлелдеген. Ол – Парижде, Лондонда, Берлинде, Стамбулда, Буэнос-Айресте және Чикагода қошеметке бөленген алғашқы қазақ спортшысы, - дейді режиссер.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар