Риддер әкімдігі қоғам белсендісіне митинг өткізуге рұқсат етпеді


ЖАҢАЛЫҚТАР 30-09-2024, 12:43 0

Қазақстанда АЭС салуға қарсылық білдірген Риддер қаласының тұрғыны Назар Ерназарұлының хабарландыруына Риддер қаласы әкімінің орынбасары Ерболат Ошақбаев жауап берді. 

Ерболат Ошақбаев Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы №333-VI «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 10-бабына сәйкес хабарлама талаптарға сәйкес келмейтінін, сондай-ақ бейбіт жиналысты өткізу нысаны жоғарыда аталған Заңға сәйкес келмейтінін хабарлады.  

Риддер қаласы әкімдігі бейбіт жиналыс өткізуге рұқсат беруден бас тартты. 

Ал митинг өткізуге ниетті болған Назар Асайынов әкімдіктің бас тартуы негізсіз деп, сотқа арыз түсіретінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Риддер қаласының тұрғыны Назар Ерназарұлы Риддер қаласының әкімі  Думан Рахметқалиевке 6 қазан күні сағат 10:00-12:00 аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Мәңгілік алау ескерткіші алдында 100 адамнан тұратын топпен бейбіт жиналыс өткізетінін хабарлаған болатын.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив