Әуежай Катонқарағайға емес, Үлкен Нарын ауданына салына ма?


ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты / ӘР САЛА 30-09-2024, 11:12 0

ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына сүйесек, жаңа әуежай Солдатово ауылының тұсына салынады. Бұл ауыл Катонқарағай ауданына жатпайтынын  ескересек, әуежай Үлкен Нарын ауданының территориясына салынатын болып тұр. Солдатово ауылынан Катонқарағай ауылына дейінгі қашықтық - 38 шақырым.

 

Алғашқы уақытта  Q400, ATR 42/72, CRJ200 сияқты шағын авиация үшін  үшін ұзындығы 2200 метр болатын ұшу-қону жолағы салынады.  Бұл ұшақтар Алтайға Астана мен Алматыдан  ұшады деп жоспарланған.

Кейін бұл ұшу жолақтары ұзартылып,  Airbus А320, Boeing 737 сияқты үлкен әуе кемелерін қабылдауға да мүмкіндік ашылмақ.

Әуежайлардың құрылысы алдағы 2025 жылы басталады, дейді көлік министрі Марат Қарабаев.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив