Зайсан мен Катонқарағайға әуежай салатын орындар таңдалды


ЖАҢАЛЫҚТАР 12-09-2024, 16:05 0

Катонқарағай ауданы әуежайының құрылысы Солдатова ауылына жақын жерде, ал Зайсан ауданында әуежай бұрынғы Сәтбай әскери аэродромында, Зайсан қаласынан 25 шақырым жерде орналасады. 

– Жоба аясында ұзындығы кемінде 2 мың метрлік ұшу-қону жолағын салу көзделіп отыр. Бұл орта кластағы, 80 жолаушыға дейін сыйымдылығы бар Bombardier Q400, Embraer секілді әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді. Тікелей әуе рейстері Өскемен, Алматы, Астана және басқа да облыс орталықтарына қатынайтын болады, – деді ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Әкрамов.

Жоба «ҚазАэроНавигация» РМК есебінен қаржыландырылады, оған жобалау және техникалық қамтамасыз ету жұмыстары да кіреді. Әуежайлардың құрылысы 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Жергілікті атқарушы органдар қазірдің өзінде жер учаскелерін беру және сумен, электрмен жабдықтау және байланыс желілеріне қосылу мәселелерін пысықтап жатыр.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив