Облыстық маңызы бар Октябрь – Алтайка – Новохайрузовка автожолының Алтай ауданындағы 48-50 шақырымындағы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтің айтуынша, 26 қыркүйек күні сағат шамамен 15:00 кезінде облыстық маңызы бар Октябрь – Алтайка – Новохайрузовка автожолының 49 шақырымда орналасқан Таволжанка өзені арқылы өтетін көпір құлағаны белгілі болды.
– Қазір уақытта көпірдің айналма жолы салынып басталды. Жол белгілері қойылды. Негізі бұл жолдың қарқындылығы төмен. Алтай мен Үлкен Нарын ауданының шекарасында орналасқан. Қазіргі уақытта жолсыз қалған елді мекендер жоқ. Комиссия шығып көпірдің жағдайын тексергеннен кейін жалпы көпірді қалпына келтіру жайлы мәселе қарастырылатын болады, - дейді Нұржан Жұмаділов.