ШҚО әкімі және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қатонқарағайдағы шекара бөлімшелеріне барды

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 11:20 0

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Катонқарағай ауданындағы Р. Батырханов атындағы және «Өрел» шекара бөлімшелерінде болды.

– Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті депутаттарымен бірге Шығыс Қазақстан облысындағы шекара қызметінің жұмысымен танысып шықтық. Шекарашылар жақсы дайындалған және олар мемлекет шекарасынан ешкімнің заңсыз өтуіне жол бермейді. Шекара заставаларының инфрақұрылымын жақсарту қажет. Депутаттармен келесі үш жылдық бюджет кезінде қаражат бөліп беру жайлы келісімге келдік. Сонымен қатар, аймақ бюджетінен де қаражат бөліп, шекара заставаларының жайлап әлемдік стандартқа жетуіне атсалысамыз. Бұдан бөлек, орталық атқарушы органдармен келісе отырып, пилотсыз ұшу аппараттары және басқа да жабдықтарды сатып алуға бастама көтеретін боламыз, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Айқындалған мәселелер қатарында 1930 жылдары салынған және әбден тозығы жеткен ғимараттардың тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етілмеуі және көлік қатынасының шектелуі де бар.

14 маусымда «Уба» шекаралық бақылау бөліміне бару жоспарлануда, мұнда да негізгі мәселе көлік қатынасының шектелуімен байланысты болып отыр.


 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив