Катонқарағай ауданында сәулеттік келбетті сақтау және заманауи қала құрылысы талаптарына сай болу мақсатында жаңа дизайн-код қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Бұл бастама ауданның тұрақты даму қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Қордың қатысуымен жасалған дизайн-кодта ғимараттар мен нысандардың сыртқы безендірілуіне қатысты нақты талаптар көрсетілген.
Бүгінде аудан әкімдігі, прокуратура және сот ғимараттары осы кодқа сай бір стильде әрленіп үлгерді. Бұл өзгерістер тек мемлекеттік мекемелермен шектелмейді:сауда орындары, қоғамдық тамақтану мекемелері мен басқа да нысандардың қасбеттері енді бірыңғай түсте және үйлесімді дизайнда жасалмақ.
Дизайн-кодты қолданысқа енгізудегі мақсат – Катонқарағайдың табиғи сұлулығына сай келетін заманауи, көркем әрі тартымды орта қалыптастыру.