Қазақстан мен Қытай су тасқынымен бірлесіп күресу жөніндегі меморандумға қол қоюы мүмкін


ЖАҢАЛЫҚТАР 26-09-2024, 12:30 0

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытай Халық Республикасы Су шаруашылығы министрлігімен су тасқынымен күресу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. 

Сонымен қатар, департамент Ресей Федерациясымен су тасқыны кезеңінде іс-қимылдарды үйлестіру үшін барлық трансшекаралық су ағындары үшін бірыңғай жұмыс тобын құру туралы келісімге келді.  

– Алдағы уақытта тасқын суын жинау және қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету үшін министрлік жалпы көлемі 2,6 млрд текше метр 42 жаңа су қоймасын салуды, сондай-ақ 3,7 млрд текше метр және шамамен 37 су қоймасы мен 14,5 мың шақырым ирригациялық каналды реконструкциялауды жоспарлап отыр. Биыл Түркістан облысында екі су қоймасының құрылысы басталды. Ақтөбе, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарындағы үш су қоймасы кешенді реконструкциядан өтуде. Сондай-ақ «Қазводхоз» филиалдары су тасқыны кезінде 34 гидротехникалық құрылысты жөндеу жұмыстарын бастады. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында 95 шақырым каналдарды механикаландырылған тазалау жұмыстары жүргізілді, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.  

Нұржан Молдиярұлының айтуынша, су тасқыны жағдайы келеңсіз салдарға әкеліп қана қоймай, су қоймаларына экономика салаларының қажеттіліктеріне жұмсалған 12 миллиард текше метрден астам суды жинауға мүмкіндік берді. Су тасқыны көптен бері тіршілік нәрі бармаған жерлерге суды бағыттап, экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді. Мәселен, Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр, Ұлытау облысынан Қызылорда облысына 839 млн текше метр су жіберілді. Тарихта алғаш рет Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көл жүйелеріне су жеткізілді.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив