Ұлан ауданы Бозанбай ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы биыл аяқталады.
Ұлан ауданында жұмыс сапарымен жүрген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев аудан халқы үшін бұл нысанның іске қосылуы аса маңызды екенін атап өтті.
2021 жылы басталған нысанның құрылысы 2024 жылдың желтоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр.