Жыл соңына дейін Өскеменде қосымша 11 автобус пен 10 шағын автобус сатып алынуы мүмкін


ЖАҢАЛЫҚТАР 20-09-2024, 18:30 0

2024 жылдың алғашқы сегіз айында Өскемен және Риддер қалаларында 103 жаңа автобус сатып алынды. Жыл соңына дейін Өскеменде қосымша 11 автобус пен 10 шағын автобус сатып алу жоспарлануда. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясында облыс әкімі Ермек Көшербаев мәлімдеді.

– Қазірде 318 елді мекен жолаушы қатынасымен қамтылған, бұл жалпы көлемнің 75 пайызын құрайды. Әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялау жалғасады, - деді облыс әкімі. 

Ермек Көшербаевтың айтуынша, Өскеменде жолаушылар тасымалын субсидиялаумен байланысты бірқатар мәселелер бар. Құрама, қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай бағасы өсті, техника лизингке сатып алынады, ал тариф бұрынғы деңгейде қалып отыр. Тасымалдаушылар қосымша қаржыландыруды қажет етеді.  

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив