Биыл «Новосибирск – Риддер» теміржол бағыты іске қосылады


ЖАҢАЛЫҚТАР 16-10-2024, 12:00 0

2024 жылы облысішілік бағыттар бойынша жолаушылар ағыны субсидиялардың арқасында 25%-ға өсті. Барлығы 40 миллионнан астам жолаушы тасымалданды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдарының басқармасының бөлім басшысы Қуаныш Акрамов хабарлады. 

Тұрақты көлік қатынасы облыс аумағының 75 %-ын, оның ішінде 318 елді мекеннің 226-сын қамтиды.  

– 2021 жылдан бастап Өскемен және Риддер қалаларында автобус паркін жаңарту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Биыл 195 автобус пен 26 шағын автобус сатып алынды, бұл көліктерді 80%-ға  жаңартуға мүмкіндік берді. 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап төрт күн сайын жүретін жаңа халықаралық «Новосибирск – Риддер» теміржол бағыты іске қосылады, - деді Қуаныш Акрамов. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив