Өскеменде жол ақысын төлеудің жаңа жүйесі енгізілмек


ЖАҢАЛЫҚТАР 23-10-2024, 11:00 0

Өскеменде жол ақысын төлеудің жаңа жүйесін енгізу мәселесі талқыланды. Басшылық Беларусь компаниясы әзірлеген жол жүру ақысын төлеудің электронды жүйесін ауыстыруды көздеп отыр. 

– 1 желтоқсан күні «IBA Kazakhstan» компаниясымен келісімшарт мерзімі аяқталады. Коммерциялық өтімнен кейін қазақстандық компаниялар бұл мәселені аз қаражатқа және заманауи жабдықтарды пайдаланып шешуге дайын екендіктерін жеткізді, - дейді Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығының директоры Арман Ысқақов.   

Жолаушылар тасымалын басқару орталығы «Оңай» жүйесін енгізу туралы жоспарды қарастыруда. Қазірдің өзінде «Оңай» жүйесі арқылы Қазақстанның бірнеше қалаларында, соның ішінде Алматы мен Қарағандыда жол ақысын төлеуге болады. 

Автоматтандырылған жүйеге көшуге болатын тағы бір нұсқа - Аvtobys жүйесі. Ол қазірдің өзінде бірнеше қалада жұмыс істейді. Мысалы, Астана мен Семейде. Бұл жүйе арқылы автобустың транспорттық нөмірі және QR код арқылы төлеуге болады. 

– Жүйенің өзгеруі тарифтерге әсер етпейді. Қазіргі тариф сол күйінде қалады, - деді Арман Ысқақов. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив