ШҚО-дағы 65 денсаулық сақтау нысан күрделі жөндеуді қажет етеді


ЖАҢАЛЫҚТАР 20-09-2024, 16:30 0

Шығыс Қазақстан облысында 364 денсаулық сақтау нысаны болса, оның 65-і жөндеуді қажет етеді. Әсіресе Таврия ауылы мен Шемонаиха қаласындағы ауруханалардың жөнделмегеніне біраз уақыт болды. Бұл туралы Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті сессиясында айтты.

Ермек Көшербаевтың айтуынша, Таврия ауылындағы ауруханаға 1982 жылдан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. 

– «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында өткен жылы облыста 17 жаңа денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді, тағы 19-ының құрылысын 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда, - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, Өскеменде гематология орталығының, Риддер қаласында емханасы мен стационары бар көпбейінді аурухана кешенінің, Ұлан ауданында аудандық емхананың құрылысы жалғасуда.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив