Қазақстанға екі апта ішінде 597 мың турист келген


ЖАҢАЛЫҚТАР 19-09-2024, 15:30 0

Туризм және спорт министрлігі екі аптада Қазақстанға жарты миллионнан астам турист келгенін хабарлады.

– 1-13 қыркүйегі аралығында елімізге 597 мың шетелдік турист келді. Оның 68 мыңы Астана мен Алматының халықаралық әуежайлары арқылы келсе, қалғандары теміржол және көлік сияқты басқа көлік түрлерін пайдаланды, - делінген министрлік хабарламасында. 

Шетелдіктердің басым көпшілігі V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мен Димаш Құдайбергеннің концертін көруге келген. 

– Шетелдік қонақтар көршілес елдерден басқа Қытай, Үндістан, Түркия, Германия және АҚШ-тан келді. Мысалы, Қытайдан 33 мыңнан астам, Үндістаннан 6 мыңнан астам, Германиядан 4 мыңнан астам, АҚШ-тан 2 мыңға жуық турист келді. Бұл деректер туристік бағыт ретінде Қазақстанға қызығушылықтың артқанын көрсетеді, - дейді туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.   

Ержан Еркінбаевтың айтуынша, Оңтүстік Корея, Әзірбайжан, Моңғолия және Ұлыбританиядан да көптеген туристер келген. 

eQonaq жүйесі бір апта ішінде Астананың өзінде 12 400-ге жуық шетелдік туристі тіркеді. Олардың тұруына, жол жүруіне, тамақтануына және көңіл көтеруіне жұмсалған жалпы шығындары 15,5 миллион АҚШ долларын немесе 7,5 миллиард теңгені құрады. ТМД-дан басқа елдерден келген туристер үшін орташа есепшот 1500 долларды құрады. 

– Елорданың танымал туристік орындарында келушілердің үлкен легі байқалды. Мәселен, 7-13 қыркүйек аралығында Қазақстанның Ұлттық музейі 14 мыңнан астам адамды қабылдады. «Астана-Бәйтерек» монументін 15 мыңға жуық турист, «Нұр-Әлем» павильонын 10 мыңға жуық адам тамашалады, дейді министрліктегілер.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив