Экология және табиғи ресурстар министрі АЭС туралы өз пікірін айтты


ЖАҢАЛЫҚТАР 18-09-2024, 15:24 0

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты пікірін айтты. 

– Экологиялық жағынан  жоғары технологиялар қолданылса, біз атом электр станцияларын салуды қолдаймыз. Бүгінде біз әлемде мұндай технологиялардың бар екенін білеміз. Егер қоғам осы бастаманы қолдайтын болса, біз осы жобаны салуға байланысты ұсынылатын шешімдерді мұқият  қарайтын боламыз, - дейді Ерлан Нысанбаев. 

Естеріңізге сала кетейік, 2 қыркүйек күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысы бойынша референдум 6 қазан күні өткізіледі деген жарлыққа қол қойған болатын.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив