Марқакөл ауылының тұрғындары чекап-тексеруден өтті


ЖАҢАЛЫҚТАР 16-09-2024, 15:28 0

ШҚО көпсалалы Онкология және хирургия орталығында шалғайда тұратын ауыл тұрғындарына арналған денсаулық бағдарламасы жалғасып жатыр. 

Марқакөл ауылының тұрғындары Онкология және хирургия орталығында кешенді тексеруден өтті. 

Бұл акция облыс орталығынан, аудандық ауруханалардан алыста тұратын  сапалы медициналық көмекпен ауыл тұрғындарын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Тексеру зерттеулерінің тізіміне гинекологтың, маммологтың тексеруі, жалпы қан анализі, маммография және өкпенің төмен дозалы КТ, сүт бездері мен жамбас мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі кіреді. Ауыл тұрғындары барлық сынақтар мен тексерулерден қысқа мерзімде – 1-2 сағат ішінде өтеді. 

– Біз анықтаған зерттеулер кешені онкологиялық патологияларды ғана емес, басқа да ауруларды ерте кезеңде анықтауға көмектеседі. Қабылдау кезінде орталық мамандары қатерлі ісікке қарсы қажетті ұсыныстар мен ақпаратпен бөліседі,  - дейді ШҚО көпсалалы Онкология және хирургия орталығының хируг-онкогинекологы Жандос Жагниев. 

Ауыл тұрғындарын тексеру бағдарламасына Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп Онкологиялық орталық бастамашы болды. Биылдың өзінде осындай шаралар Күршім және Катонқарағай аудандарының тұрғындары үшін өткізілген болатын.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив