ШҚО-да өкпе обырының диагностикасы жақсарды


ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 15:30 0

Шығыс Қазақстан облысында 2024 жылдың 10 айында өкпенің қатерлі ісігінің 229 жағдайы тіркелді. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,7%-ға артық. Бұл туралы ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының директоры, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас онкологы Гульмира Сағидуллина Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

Ерте анықтаудың жақсаруына әсер еткен факторлардың бірі - төмен дозалы компьютерлік томографияны енгізу болды. 2024 жылы аурудың 65 жағдайы (31,3%) ерте сатыда анықталды, бұл 2023 жылдың он айындағы керсеткіштен 74%-ға артық (34 жағдай немесе 18%), - деді Гульмира Сағидуллина.

Мамандар қатерлі ісікті ерте анықтау, сәтті түрде емделу мүмкіндігін арттыратынын атап өтті. 

Өкпе обыры қатерлі ісігін ерте анықтау тұрақты скринингтік бағдарламалардың арқасында мүмкін болып отыр. Төмен дозалы сәулеленумен жүргізілетін компьютерлік томография тіпті ең кіші ісіктерді бастапқы сатыларда анықтауға мүмкіндік береді, бұл сауығып кету ықтималдығын айтарлықтай арттырады, - дейді ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының сәулелік диагностика бөлімінің меңгерушісі Малика Мейірманова.

2025 жылдан бастап Қазақстанда онкологиялық, аурулармен күресу бойынша Кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында өкпе қатерлі ісігіне кең көлемді скрининг жүргізу жоспарлануда. Оның мақсаты тек ерте сатыда анықтау көрсеткішін арттыру ғана емес, сонымен бірге өлім-жітімді азайту болып табылады, бұл денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды мәселелердің бірі.

Дәрігерлер сондай-ақ аурудың алдын алуы маңыздылығын еске салады: темекіден бас тарту, пассивті шылым шегу деңгейін төмендету, әсіресе қоғамдық орындарда және мамандарға тұрақты қаралу ауру қаупін азайтудың басты қадамдары болып табылады.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив