Қала күні орай өткізілген жиында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Өскеменнің экс әкімі Ислам Әбішевке қаланың дамуына қосқан ерекше үлесі үшін төсбелгіні табыстаған еді. Сот шешіміне байланысты болмаса, Қазақстанда бұрынғы шенеуніктерді марапаттаудан айыру жиі кездесе бермейді. Әдетте, қылмыс жасаған мемлекеттік қызметкерлерден белгілі бір іс бойынша үкім шыққаннан кейін ғана мемлекеттік марапаттардан айырылады.
Өскеменнің бұрынғы әкімі Ислам Әбішев және қаланың дамуына қосқан үлес бірқатар азаматтар «Өскемен қаласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» төсбелгілермен марапатталды. Марапатталғандардың ішінде Ислам Әбішев бұрын жемқорлық бабы бойынша сотталған. 2020 жылы Ислам Әбішев аса ірі көлемде пара алуға әрекеттенді деген айыппен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол 2021 жылы қылмыстық істер жөніндегі соттың апелляциялық алқасының шешімімен шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан.
Ислам Әбішевтың марапатталғаны туралы хабар тарағаннан кейін халық арасында пікірталастар туындады. Сосын, аз уақыт өткен соң, жағдайдың қысымымен қалалық комиссияның шешімімен Ислам Әлмаханұлынан «Өскемен қаласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» төсбелгісі алынып тасталғаны белгілі болды. Өскемен қаласының әкімдігі бұл ақпаратты растады.
– Марапат жарияланғаннан кейін әлеуметтік желілерде және қоғамдық пікірлерде адамдар оның ерен еңбегін ғана емес, сонымен бірге оның әлі де сыбайлас жемқорлық үшін сотталғанын, яғни сотта кінәлі деп танылғанын айта бастады. Осы жайттардың барлығы комиссия отырысында ескеріліп, марапаттау құжатының күшін жою туралы шешім қабылданды, - деді Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Әлібек Тұрсымбетов.