ШҚО-да АЭС құрылысын қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелерімен кездесу өтті


ЖАҢАЛЫҚТАР 16-09-2024, 11:50 0

АЭС құрылысына қолдау көрсету жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық халықтық штабының мүшелері «Көздің микрохирургиялық клиникасы» ЖШС қызметкерлерімен кездесті. 

Штаб өкілдері қызметкерлермен еліміздегі атом энергетикасын дамыту мәселелерін талқылады. Олар АЭС құрылысы Қазақстанды дамудың жаңа деңгейіне шығаратынын, жаңа өндіріс орындарының ашылуына және электр энергиясы тарифінің өсуін тежейтінін атап өтті.  

Шығыс Қазақстан облыстық халықтық штабының мүшелері жұртшылықты қорқыныш пен алдын ала түсініктерге емес, сарапшылардың пікірі мен фактілеріне назар аударуға және атом энергетикасы мәселелерін мұқият зерделеуге шақырады.   

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив