Өскеменде қалалық полигон маңындағы аумақты патрульдеу жұмыстары басталады


ЖАҢАЛЫҚТАР 16-09-2024, 11:10 0

Өскеменде қалалық полигон маңындағы аумақты патрульдеу жұмыстары басталады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев мәлімдеді. 

Ермек Көшербаевтың айтуынша, қаланың сол жағалауындағы Ертістің жағасында орналасқан Березовая рощада «тазалық патрульдері» ұйымдастырылады.  

– Сондай-ақ тұрғындар рұқсат етілмеген үйінділер жасайтын қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының маңында патрульдеу жүргізіледі. Оларға әкімшілік шара қолданылады, - дейді Ермек Көшербаев. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив