Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері мен оқытушылары Панкратьев бағында жүз түп қаражидек, жүз таңқурай және 50 қарағай көшеттерін отырғызды.
– Панкратьев бағы кәсіпқой бағбан Дмитрий Гордеевич Панкратиевтің есімімен аталады. Дмитрий Панкратьев бау-бақша салып, гидротехникалық құрылыс ауылында абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, жылыжай шаруашылығын құрып, Ұлы Отан соғысы жылдарында халықты көшет пен көкөніспен қамтамасыз еткен кісі. Бұл бақ таңқурай, қарақат, жеміс ағаштары мен бұталардың, сондай-ақ Қызыл кітапқа енгізілген сирек өсімдіктердің кең түрімен танымал, - дейді ШҚУ оқытушылары.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев бұл баққа биыл 130 жыл толатынын атап өтті.
– Алма бағы тұрақты түрде жеміс береді, және бұл жердің алмалары өте дәмді, - деді аймақ басшысы.