Полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында электрондық темекілердің заңсыз сатылғанын анықтады.
– Екі сауда үйінде тыйым салынған тауарлар сатылғаны анықталды, - деп хабарлады ШҚО ПД.
Бір сауда нүктесін тінту кезінде тергеушілер 454 электронды темекі, вейп-сұйықтық және Pod жүйелерін, ал екіншісінен 115 электронды темекі мен 4 Pod жүйесін тәркіледі.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.