Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын көрсету үшін елордаға 300-ден астам шетелдік БАҚ өкілдері келді. Солардың бірі – Ұлыбританиядан келген Кристина Долгилевича. Ол BOW журналының бас редакторы. Бұл оның Қазақстанға алғаш келуі. Кристина елдің қонақжайлылық деңгейіне таң қалғанын мойындады.
– Мен 7 қыркүйекте таңғы 6-да келдім, бірақ мұнда келгеніме үш ай болған сияқты. Қазақстан мені таң қалдырды, өйткені мен бұдандай қонақжай елді бұрын көрген жоқпын. Мен көшеде кез келген адамды тоқтатып, бірдеңе сұрай аламын, олар маған қуана-қуана көмектеседі. Мұнда барлығы өте мейірімді, - деді Кристина Долгилевича.
Кристина садақ атумен айналысады, бұған дейінгі Көшпенділер ойындарына қатысқан.
– Бұрынғы ойындарда ұйымдастыру мұндағыдан сәл өзгеше болды. Мұнда барлығы өте жақсы ұйымдастырылған. Мен логистикаға толықтай қанағаттанамын. Қаланың ауқымы таңқаларлық және олар барлық қатысушылар үшін көлік ұйымдастырғаны маған ұнады. Әркім кез келген жерге бара алады және барлық спорт түрлерінің кестесі өте жақсы құрастырылған, - деді ол.