Өскеменде студенттермен атом саласын дамыту мәселесі талқыланды


ЖАҢАЛЫҚТАР 13-09-2024, 11:30 0

«Жастар болашақ энергиясы» тақырыбы аясында «Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары»  мамандығының жоғары курс студенттерімен өткен кездесуде  Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 1 курс докторанты Жанар Баденова студенттерге жасыл энергетиканы дамыту және бейбіт атом энергиясын пайдалану қаншалықты маңызды екенін түсіндірді.  

Жанар Баденованың мәліметінше, жел және күн энергиясымен салыстырғанда атом электр энергиясын өндіру мәселесі жиі көтеріледі. Бұл ретте есептеулерде белгіленген қуатты пайдалану коэффициентінің көрсеткіші, яғни мәлімделген қуаттан энергияның қанша пайызы өндірілетіні көбінесе ескерілмейді. АЭС-тегі белгіленген қуатты пайдалану коэффициенті (90%) жел (35%) және күн энергиясының  (18%) ұқсас көрсеткіштерінен едәуір жоғары. 2050 жылға қарай барлық елдің АЭС-інен өндірілетін электр энергиясы 792 ГВт дейін 2 есеге өсіуі мүмкін. Әлемдегі белсенді реакторлар АҚШ-та (94), Францияда (56), Қытайда (50) пайдаланылады. Әлемдегі реактордың саны - 415, салынып жатқан реакторлардың саны - 60-қа жеткен. Қазірде Қытайдың өзінде 26 реактор салынып жатыр. АЭС-ты салу осындан бірнеше жыл бұрын қолға алынған. Шамамен 1950 жылы АҚШ-та Шиппингпорт АЭС-ының алғашқы прототипі салынған. 

– Заманауи атом энергетикасында активті және пассивті өзара қайталанатын қауіпсіздік жүйелері бар. Жобалау және құру кезінде радиоактивті заттардың алаң шегінен шығу орнынан терең эшелондалған қорғау принципі, сондай-ақ «аварияны жобалау сатысында жою» концепциясы пайдаланылады.  Санитарлық-қорғау аймағы АЭС алаңымен шектеледі, халық үшін қорғау іс-шараларын жоспарлау аймағы – 3 км-ден артық емес, - дейді Жанар Баденова.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив