Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының соңғы күні. Жабылу салтанатына көрермен қатыспайды


ЖАҢАЛЫҚТАР 13-09-2024, 11:19 0

Бүгін, 13 қыркүйек күні Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өз мәресіне жетеді.

Соңғы жарыс күні бəйге, теңге ілу, құсбегілік, ордо және мангаладан сайыстар өтеді.

Бір қызығы, жарыстың жабылу салтанаты көрерменсіз өтеді.

Ойындар дирекциясы бюджеттің қысқаруына байланысты шараның салтанатты шаралар мен көрерменсіз хаттамалық форматта өтетінін түсіндірді. Алайда жабылу салтанатын қазақстандық жетекші телеарналардан тікелей эфирде көруге болады. Ұйымдастырушылар ойындардың жабылуына арналған билеттер сатылымы туралы хабар тарағанын айтты. Билеттердің сатылмайтыны және кез келген ұсыныстың алаяқтық екені ресми түрде айтылды.

«Жабылу рәсімі тек қатысушыларға арналған және көрермендердің қатысуынсыз өтеді», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында спортшылар 21 ойын түрі бойынша бақ сынаса, этноауылдағы мәдени бағдарламада күн сайын 100-ге дейін іс-шара қамтылған. Ұлттық музейде 12 елдің сарапшылары қатысқан «Көшпенділер: тарих, білім, тағылым» атты халықаралық конференция аяқталды.

8-13 қыркүйек аралығында Астанада көшпелі өмірдің түрлі мәдениеті мен дәстүрін көрсететін Көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2500-ге жуық адам қатысып жатыр.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив