6 қазан күні Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Өскемен қаласының әкімдігі Өскемен тұрғындары өздерінің сайлау учаскесі туралы қайдан біле алатынын түсіндірді,
– Алдағы референдумға байланысты тұрғындардан өз сайлау учаскелерін тексеруді сұраймыз. Мұны @vote_vko_bot телеграм боты, 109 бірыңғай байланыс орталығы немесе цифрлық Шығыс қосымшасы арқылы жасауға болады, - делінген Өскемен қаласының әкімдігінің хабарламасында.
Telegram ботында немесе қосымшасында деректер болмаса, 8 (7232) 26-65-36 нөміріне хабарласу қажет.
Сол нөмірге қоңырау шалу арқылы сіз сайлау процесіне, дауыс беру тәртібіне және сайлау учаскелерінің жұмысына қатысты заңнамалық нормалар туралы ақпаратты ала аласыз.